Сот «өлген адамның» қарсылығына қарамастан оны тірі деп мойындамады
Сот «өлген адамның» қарсылығына қарамастан оны тірі деп мойындамады
6 жыл бұрын 2880 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қателікпен әлдеқашан өлдіге саналған Румыния тумасы сотқа өзінің тірілер санатында екенін дәлелдей алмай-ақ қойды. Бұл жайында Associated Press ақпарат көзі хабар таратты. Константин Релиу (Constantin Reliu) есімді 63 жастағы азаматтың ісі өткен аптаның соңғы жұмыс күнінде Румынияның Васлуй қаласында қаралған еді. Оның сот отырысында келтірген айғақтары теріске шығарылды. Өйткені, аппелациялық шағымды мерзімінен кеш бергені үшін. Бұдан былай бұл іске қатысты қайта шағым түсіре алмайды. Өйткені, сот өзінің ақырғы шешімін шығарды. Егде жастағы ер адам ширек ғасырдан астам уақыт, дәлірегі, 26 жылдан соң отанынан оралмай ма. Түркиядан. 1992 жылдан бері Түркияда тұрып, отанынан, отбасынан қол үзіп қалған еді. Әйелі оны өлдіге санап, 2016 жылы оның өлгені турасында құжат ресімдетеді. Осыдан екі жыл бұрын Түркия билігі оның құжатының мерзімінің өтіп кеткеніне байланысты елден шығарады. Ол Румынияға келгенде өзінің ресми түрде өлілер санатында екенін білген. Енді оның одан ары қарайғы тағдыры не болады? Белгісіз.

0 пікір
Мұрағат