Сомали мұсылмандары аштықтан қырылып жатыр
Сомали мұсылмандары аштықтан қырылып жатыр
3 жыл бұрын 2317

Сомали халқы азық-түліктің жетіспеушілігінен тойып тамақ ішпейді. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық мәселелерді үйлестірумен айналысатын Филипп Лаззарини мәлімдеді.

Оның айтуынша, аштық жайлаған Сомалиде түрлі індет тараған, қауіпсіздік мәселесі де ақсап тұр.

«Сомали – тоя тамақ ішпейтін балалар саны көп әлемдегі бес елдің бірі. Әр отбасындағы бес жасқа дейінгі бір бала тоя тамақ ішпей ұдайы ашқұрсақ жүреді. Бұл ел ана өлімі жағынан Чадтан кейінгі орында тұр»,- деді БҰҰ өкілі.

2010-2012 жылғы аштықтан бұл елде шамамен 260 мың адам опат болған. Өкініштісі, олардың жартысы – бес жасқа толмаған балғындар.

2 пікір
  • Ассааламағалейкцм біз оларға кішкентай болса да қалай көмек көрсете аламыз???
    3 жыл бұрын
    • егер банк-карточкаңыз болса islamic-relief.com, solidarnost.su, ihh.org.tr сияқты көптеген сайттар арқылы онлайн режимде ақша аудара аласыз.
      3 жыл бұрын
Мұрағат