Соғысқа қарағанда адамдар көп өлетін жағдай анықталды
Соғысқа қарағанда адамдар көп өлетін жағдай анықталды
7 жыл бұрын 3282 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сарапшылар қазіргі уақытта адамдардың соғысқа қарағанда қандай жағдайда көп қырылатынын анықтады. Адамдардың жаппай қырылуына қоршаған ортаның ластануы себеп болып отыр. Осы бағытта жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 2015 жылы әлем бойынша қоршаған ортаның ластануынан, яғни, экологиялық ахуалдың нашарлауынан 9 млн-ға тарта адам көз жұмған. Бұл көрсеткіш әлемдегі барлық өлім-жітімнің 16%-ын құраған. Тарқатып айтқанда, бұл көрсеткіш ғасыр індеті аталған СПИД-тен, туберкулезден, безгектен және әлемнің түрлі аймақтарында жүріп жатқан қарулы қақтығыстар мен соғыстан, табиғи апаттардан, аштықтан өлгендер қарасынан үш есе көп. Қоршаған ортаның ластануынан ең алдымен адамзаттың кедей бөлігі қырылып жатыр. Яғни, табысы күнкөрісіне әзер жететін кедейлер қарасы көп аталған себеппен бақилық болғандар арасында. Дәлірегі, кедейлердің шамамен 92%-ы. Соның ішінде, ең алдымен ауыз су тапшылығы мен ластануы салдарынан өлгендердің қатары қалың. Бұл жайында Phys.org ақпарат көзі Lancet медициналық мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталмыш зерттеу нәтижесіне қарағанда, 2015 жылы әрбір алтыншы адам өлімі қоршаған ортаның ластануына байланысты уланып өлген. Әсіресе, Африка мен Азия құрлығында қоршаған ортаның ластануынан қырылғандар қарасы өте көп. Соның ішінде, Үндістан көш бастап тұр - шамамен 2,5 млн адам бақилық болады екен аталған себептен. Екінші орында Қытай тұр - 1,8 млн адам. Бангладеш, Пәкістан, Солтүстік Корея, Оңтүстік Судан және Гаити елдерінде қоршаған ортаның ластануынан өлгендер қарасы көп болып шыққан. Тек ауаның ластануынан жылына 7 млн адам көз жұмады екен әлем бойынша. 

0 пікір
Мұрағат