Сиырға табынғандар мұсылманды сабап кетті
Сиырға табынғандар мұсылманды сабап кетті
2 жыл бұрын 1160

Үндістанның солтүстігінде орын тепкен Харьян штатына қарасты Гургаон елді мекенінде ет саудасымен айналысатын ер адамды қылмыскерлер сабап кеткен. Сиырдың етін сатқаны үшін. Айдың-күннің аманында таяқ жеген жәбірленушінің сөзіне қарағанда, бұл елде сиырға табынатындықтан оның етін сатуға, жеуге болмайды. Тіпті, терісі мен тұяғын да, мүйізін де кәдеге жаратуға рұқсат жоқ. Қылмыскерлер ет сатушыны сабағанымен қоймай, дүкенін де қиратып кеткен. Қылмыскерлерлдің лаңынан кейін осы елді мекендегі ондаған мұсылман отбасы өзге жерге көшуіне тура келген. Сиыр еті үшін таяққа жығылған 25 жастағы Мұхаммед Исрар қазіргі уақытта ауруханадан шықты. Денсаулығы бір қалыпты. 

0 пікір
Мұрағат