Сириялықтар жиырма жылға кем өмір сүре бастады
Сириялықтар жиырма жылға кем өмір сүре бастады
9 жыл бұрын 3030

Табаны күректей төрт жылға созылған азаматтық соғыстан титықтаған осы елдегі азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 20 жылға кеміген. Бұл жайында «Сириялық саяси зерттеулер орталығы» деп аталатын үкіметтік емес ұйымның баяндамасында айтылған. Статистикалық мәліметке қарағанда 210 мыңнан аса адам қарулы қақтығыстан опат болған, 840 мың адам түрлі деңгейде жарақат алған. Яғни, азаматтық соғыс басталмай тұрғандағы халық санына шаққанда ел тұрғындарының алты пайызы қырылған. Соғыстың салдарынан 2010 жылғы көрсеткіш бойынша (75,9 жас – орташа өмір сүру ұзақтығы) бүгінгі таңда 27%-ға кеміген. Яғни, қазіргі уақытта шамамен 55,7 жасты құрайды екен сириялықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы. Сондай-ақ, осы төрт жылдың ішінде 3,3 сириялық азамат босқынға айналған. Баяндамада келтірілген дерек бойынша ел экономикасы 200 млрд-тан аса шығын шеккен.

0 пікір
Мұрағат