Сириялық босқындар санынан 100 есе көп босқындар пайда болады
Сириялық босқындар санынан 100 есе көп босқындар пайда болады
5 жыл бұрын 2908 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

NASA хабардар еткендей, мұздақтардың қарқынды еруінен 2080 жылға қарай әлемдік мұхит деңгейі 38 сантиметрден 120 сантиметрге дейін көтерілмек. Егер ауа температурасы орташа есеппен алғанда 5 градусқа көтерілетін болса, 2100 жылы әлемдік мұхит деңгейі 178 сантиметрге көтеріледі. Кей болжам бойынша екі метрге дейін көтерілуі мүмкін. Яғни, құрлықтың 1,79 млн шаршы шақырымы (Ливия аумағыдай жер) су астында қалады. Лондон, Нью-Йорк, Шанхай секілді ірі мегаполистер мен Финляндия астанасы су астында қалатын қатерлі аймақтарда орналасқан. Осыған байланысты 187 млн-ға тарта адам баспанасыз қалып, босқын атанады. Салыстыру үшін алсақ, 2015 жылы Еуропаға 1 730 000 босқын келсе, климаттық босқындар саны сириялық босқындар санынан 100 есе көп болмақ. Греландияда жыл сайын 1 млрд тонна мұз ериді, ал Антрактидада 2009-2017 жылдар аралығында 250 гигатонна мұз еріп кеткен. 

0 пікір
Мұрағат