Сириядағы азаматтық соғыс аяқталды. Бірақ, соғыс жалғаса береді
Сириядағы азаматтық соғыс аяқталды. Бірақ, соғыс жалғаса береді
7 жыл бұрын 5879 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бір жағынан содырлар сойқан салған, екінші жағынан сыртқы күштердің араласуы (АҚШ, Ресей, т.б) бар, үшіншіден, Басар Ашадтың авторитарлық режиміне қарсы бас көтерген оппозициялық күштердің наразылығы, Сирия аумағындағы этникалық топтардың бас көтеруі (күрдтер) бар, қысқасы, қырық жақтан талауға түскен сириялықтардың соғыстан әбден титықтап бітті. Бұған қоса, соғыстың зобалаңынан үй-жайы үйіндіге айналған, инфрақұрылымы толық жойылған Сирия жерінде бейбіт өмірдің таңы атып келеді. Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу Сирия аумағында азаматтық соғыстың аяқталғанын ресми мәлімдеді. РФ қорғаныс министрінің айтуынша, азаматтық соғыстың аяқталуына 4 деэскалация аймағын құрудың көмегі тиген. Осылай дей келе ол Сирия аумағын лаңкестерден толық тазарту үшін әскери ұрыс қимылдарын жалғастыра беретінін мәлімдеді. 

0 пікір
Мұрағат