Сирияда содырлар сахабалардың сүйектерін қазып алуда
Сирияда содырлар сахабалардың сүйектерін қазып алуда
9 жыл бұрын 3186

Ғаламторда лаңкестердің сахабалардың сүйектерін қазып алып жатқаны жайында ақпарат тарады. Аталмыш ақпаратты Мәскеуде ресми сапармен жүрген Сирияның бас мүфтиі Ахмад Бадреддин Хассунның растағаны да айтылған. Бұл жайында «Ислам.ру» ақпарат көзі хабар таратты. Алайда, сахабалардың сүйектерін қайда алып кеткенін және не істегенін білмейтінін жеткізді. Үстіміздегі жылдың шілде айында ИСИМ содырлары қара киінген әлдебір ер адамның мазарды зілбалғамен (кувалда) талқандап жатқанын көрсететін бейнетаспаны орналастырған болатын. Аңызға сенсек, бұл бейіттердің бірінде Жүсіп пайғамбардың сүйегі жерленген.

1 пікір
  • Не деген ақылсыздық, сондықтан Аллах барлық пендеге тура жолды нәсіп етіп ешкімді қателестірмесін! Амин
    9 жыл бұрын
Мұрағат