Сирияда қауіпті, жұқпалы індет таралуы мүмкін
Сирияда қауіпті, жұқпалы індет таралуы мүмкін
9 жыл бұрын 3663

«Жұт – жеті ағайынды», үш жыл азаматтық соғыстан көз ашпаған, халқының жартысы босып кеткен, оның үстіне, ИСИМ содырлары сойқан салған Шам жерінде «жығылғанға – жұдырық» дегендей,  жұқпалы тырысқақ індентінің таралу  қаупі төніп тұр. Бұл жайында Дүниежүзілік денсаулық ұйымы дабыл қағып отыр. Бүкіл әлемдік аталмыш ұйымның мәліметіне қарағанда, бұл елден А гепатитімен және іш сүзегімен сырқаттанған науқастардың бары анықталған. «Әлбетте, жағдай одан ары ушыға түседі. Біз жік-жікке бөлініп, бір-бірімен қырқысқан топтардың суды өздерінің саяси мақсаттарына жету үшін пайдаланғанын көрдік. Бұл өз кезегінде адамдар ішетін ауыз судың ластану деңгейінің қатері жоғары болатынын білдіреді»,- деді Сириядағы ДДҰ өкілі Елизабет Хофф.

0 пікір
Мұрағат