Сингапур президенті болып шариғат шәлісін жамылған мұсылман әйел сайланды (фото)
Сингапур президенті болып шариғат шәлісін жамылған мұсылман әйел сайланды (фото)
7 жыл бұрын 17152 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгін, яғни, сәрсенбіде Сингапур елінің президенті болып Халима Жақып есімді шариғат шәлісін жамылған мұсылман әйел сайланды. Сингуаптыапур парламентінің спикері болып жауапты қызмет атқарған ол сайлаушылардың даусынсыз-ақ ел президенті болды. Сайлау комиссиясы оны президенттікке бірден-бір жалғыз үміткер болғандықтан сөзге келмей елбасшысы етіп бекітті. Пайғамбар (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жасына келген, яғни, 63-тегі шариғат шәлісін жамылған әйелдің мансабын депутат болып сайланған сәтпен байланыстыруға болады. Артынан елдегі беделді саяси партияның жетекшісі болды. Ол аталған елдегі малайлық этностың өкілі. "Мен Сингапур халқының игілігі үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймытынымды айтқым келеді",- деді ол. Айта кету керек, Сингапурде негізгі билік премьер-министрдің қолында. Ал президент салтанатты немесе символикалық мәні бар шараларға жақын қызметті атқарады. 

0 пікір
Мұрағат