Швецияда белгісіз біреу қасақана мешітті өртеді
Швецияда белгісіз біреу қасақана мешітті өртеді
9 жыл бұрын 2643

Швецияның Эскильстуна қаласында мешіт өртенді. Бес адамды күйік шалып, ауруханаға түскен. Бұл жайында nur.kz порталы «24» телеарнасына сілтеме жасай отырып хабар таратты.

Куәгерлердің айтуынша, тұрғын үйлердің бірінде орналасқан құлшылық ордасына әлдекім терезеден жанғыш зат лақтырған. Бесін намазына жиылған ондаған адам дер кезінде сыртқа шығып үлгерді. Швеция полициясы мұны қасақана ұйымдастырылған оқиға деп мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат