Швейцарияда виртуалды мазар пайда болды
Швейцарияда виртуалды мазар пайда болды
9 жыл бұрын 3172

Швейцарияда тұңғыш виртуалды мазар пайда болды. Онда қайтыс болған адамдардың туған-туыстары ол туралы ақпараттарды орналастырады, яғни, қаза тапқан адамның көзі тірісінде қандай іспен шұғылданғанын, туған жылы мен өлген күнін жазып, фотосуреті мен бейнекөрінісін жүктейді. Осы бастаманың авторы Жульен Бюньон қайтыс болған әр адам үшін арнайы QR-код енгізуді ұсынып отыр. Хабарға қарағанда, керамикалық QR-кодты 300 франкке сатып алуға болады. Оны құлпытасқа жапсырып, қаза тапқан адам жайындағы ақпараттарды онлайн режимінде толтыруға болады. «Бұл Facebook әлеуметтік желісі секілді. Пайдаланушылар қайтыс болған адамның отбасына өз хабарламасын жібере алады»,- деді Жульен Бюньон. Мұндай сайт тек Швейцарияда ғана емес, сонымен қатар, әлемнің көптеген елдерінде бар.

0 пікір
Мұрағат