Швед королі Палестинаны ұлттық күнімен құттықтады
Швед королі Палестинаны ұлттық күнімен құттықтады
9 жыл бұрын 2669

Жуырда ғана Палестинаның тәуелсіздігін ресми мойындаған Швед елінің королі XVI Карл Густав Израиль басқыншылығынан азап шегіп келе жатқан паленстиналықтарды «Ұлттық күнімен» құттықтап, ақжол тіледі. Әлемдегі аса беделді сыйлықты беретін шведтер бұл жолы да палестиналықтардың азаматтық ұстанымын құрметтеп, мәрттік танытты. Мәрттігінен жаңылмайтын, әлемдегі экологиясы таза әрі жемқорлықтан барынша таза елдің Палестина тәуелсіздігін мойындауы кәрі құрлықтағы әрі әлемдегі өзге елдерге осылайша озық үлгі көрсете білді. Бұл жайында әлемге әйгілі әл-Жазира телеарнасы хабар таратты. Осы арада айта кету керек, Израилдік басқыншылардың агрессиясына мойымай келе жатқан Палестинаның ұлттық күні қараша айының 15-і күні мерекеленеді. Бұл дата 1988 жылы марқұм Ясир Арафаттың Палестинаның тәуелсіздігін жариялаған күннен бері мерекеленіп келеді.

0 пікір
Мұрағат