Швед азаматы балаларын қатыгез ойындардан қалай тыйды?
Швед азаматы балаларын қатыгез ойындардан қалай тыйды?
10 жыл бұрын 3914

Швед азаматы өзінің екі баласын Таяу Шығысқа, яғни Израиль мен Палестинаның шекаралас аудандарына соғысты өз көздерімен көрсету мақсатында алып барды. 

Бұған мына жағдай себеп болған көрінеді. Бірде әлгі шведтік Карл-Магнус Хельгегрен, өзі журналист, университетте оқытушы, Фрэнка және Лео атты екі баласымен тамақтанып отырады. Бірде балалары Call of Duty ойынының қызығы мен шыжығын, ондағы қару-жарақтарды, миссияларды жарыса айта жөнеледі. 

Карл айтады: "Мен өзім соғыс туралы телерепортаждардан көрсем де, соғыстың не екенін әлі жөнді түсіне қойған жоқпын. Ал, балаларым соғыстың не екенін қайдан білсін".

Сондықтан да, Марк сабақ болсын деген мақсатпен балаларын Таяу Шығысқа алып барады. Ауғанстан елі қауіпті болғандықтан, олар осында келуді ұйғарыпты. Израильде туристік билет арқылы соғыстың нағыз өзін көруге болады. 

"Саяхаттың екінші күні балалар менен: "Біз мұнда әлгі ойын үшін келдік па?" - деп сұрады. Мен: "Иә. Сендер мұны көрулерің керек", - деп жауап бердім. 

Лео деген ұлым өзінің пневматикалық тапаншасын босқын балаларды қорғау үшін алып келсем ғой деген ниет білдірді. Мен оған: "Көңілі жабырқаулы болғандықтан, өзің ойланып көрші. Босқындар лагері қайдан пайда болды. Бірінші кезекте бұл, біреудің қолына қару алған сәттен бастап болатын жағдай", - деп түсіндірдім. 

Бұл швед отбасы Израильде 2014 жылдың сәуір айында болып қайтыпты. 10 күндей болғаны белгілі болды. Бірақ, Марк әлгі саяхатта түскен суреттерімен кейіннен бөлісіп жатқан көрінеді. 

 

 

 

 

0 пікір
Мұрағат