Шетелдік жұмысшылардың жалақысын кешіктіргендерге айыппұл салынады
Шетелдік жұмысшылардың жалақысын кешіктіргендерге айыппұл салынады
3 жыл бұрын 1145

Сауд арабиясының еңбек министрлігінің осы елдің климатын, дәлірегі, жаздағы аптапты ескере отырып, жұмысшылардың талтүсте жұмыс істеуіне тыйым салатын заң қабылдағанын хабарлаған едік. Бұл жолы осы елден нәпақасын айыруға келген шетелдік жұмысшылардың жалақысын дер уақытында, яғни, мұсылманша күнтізбе бойынша әр айдың аяғында төлемеген жұмыс берушілерге айыппұл салатынын жария етті. Еңбек министрлігінің бұл талабына құлақ аспағандарға айыппұл салынатын болады.

Ел билігі жұмысшылардың тәулігіне кем дегенде тоғыз сағат демалуын және аптасына бір күн демалыс алуын талап етіп отыр. Осы айтылғандар орындалмаса, жұмыс берушіге 1,3 мың доллар мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертті. Жұмыс берушімен арадағы келісімшартты бұзған жұмысшылар да жазасыз қалмайды: оларға 500 доллар мөлшерінде айыппұл салынып, Сауд Арабиясының аумағында жұмыс істеу құқығынан айырылады.

0 пікір