Шавкат Мирзиев: "Біз тым кешігіп қалдық, халық бізге наразы"
Шавкат Мирзиев: "Біз тым кешігіп қалдық, халық бізге наразы"
7 жыл бұрын 5108 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Алмалық қаласына ат басын бұрған өзбек басшысы Шавкат Миризиев қала әкімін, прокуратура, милиция және салық инспекциясының басшыларын орнынан алып тастады. Осыдан кейін ол осы жауапкершілігі зор аталған мекемелердің өзге басшыларымен кездесіп, қандай жауапкершілік арқалайтынын "жетер жеріне жеткізіп, жекен суынан өткізіп" түсіндірді. Бұл жайында Uznews.uz ақпарат көзі хабар таратты. Өзбек президенті аймақтағы жұмыстың барысын талдай келе "Сіздердің қалаларыңызды мысал етіп, түсіндіре кетейін. Ауданда хоким (біздіңше - әкім), прокурор, аудандық ішкі істер бөлімі және салық инспекциясы бар. Егер қала тұрғындарының саны 120 мың адам болса, онда қала төр басшының арасында төрт секторға бөлінеді. Мемлекет сектор басшыларына осы ауданнан үй бөледі. Әрбір басшы халық тыныстайтын ауамен тыныстап, халықпен бірге өмір сүреді: егер жарық болмаса, олар да жарықсыз отырады, егер жол болмаса - жолсыз, су болмаса - сусыз. Әрбір басшы нанның, еттің бағасының, базардағы жауапкершіліктің болмауын өз көзімен көреді, сезінеді",- деді ол. "Біз тым кешігіп қалдық, халық бізге наразы. Жуырда айтқанымдай, біз осыншалықты төзіп келген халықтың алдында тізерлеп тұрып кешірім сұрауымыз керек. Мен өкім бердім, енді премьер-министр мен Конституциялық негізде бас прокурордың шешімі шығады",- деді артынша. Бұған қоса, әр басшы үш айда бір үйлерді аралап, өздерінің бас сұққанын арнайы кітапқа тіркетіп отыратын болды. Онда барлық отбасы мен олардың жағдайы, проблемалары мен оларды шешу жолдары туралы ақпарат қамтылады. Бұл кітап мөрленіп, шандылатын болады. "Басшылар бос беттер үшін жауап беретін болады. Қолайлы болуы үшін басшыларға ақпарат енгізетін планшет бөлінеді. Әр үш айда әр басшыны өзім қабылдаймын. Неге? Дұрыс шешім қабылдауы үшін, әр соманы орнымен жұмсауы үшін, әр көше, әр мектеп, әр аурухана, әр отбасы үшін",- деп сөзін түйіндеді мемлекет басшысы. Десе де оның бұл сөзін саясаткерлердің ұпай жинауы үшін айтқаны деп қабылдап, сенбестік танытып жатқандар да бар. 

0 пікір
Мұрағат