Шаштаразшы шаш алғаны үшін ғана сотталып кетті ме
Шаштаразшы шаш алғаны үшін ғана сотталып кетті ме
6 жыл бұрын 3228 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияның Лутон қаласындағы королдік сот тәрбиелеу мақсатында 10 жастағы ұл баланың шашын тақырлап алып, артынан қырқылған өз шашын өзіне жинатқызғаны үшін шаштаразшыны 8 ай абақтыға жабатын үкім шығарды. Бұл жайында ағылшындардың Telegraph мерзімді басылымы хабар таратты. Тарқатып айтқанда, 21 жастағы Әбдірақым Омар шаштаразда қауіпті ұстарамен ойнаған баланы өзінше тәрбиелемек болған екен. Нәтижесінде темір тордың аржағынан бір-ақ шықты. Басы жалтырап шыға келген  әрі төңірегіндегілердің күлкісіне қалған баланың қатты ренжігені сондай, дереу полицияға шағымданған. Екі айдан кейін бұрын сотты болмаған шаштаразшы жігіт дене зақымын келтірді деген айыппен 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сот алқасы «баланы қасақана қорлады» деп есептейді. Прокурор Алекс Редли шаштаразшының осы әрекетімен балаға тек дене зақымын келтіріп қана қоймай, сонымен бірге, психологиялық зиян келтіргенін алға тартты.

0 пікір
Мұрағат