Шартарап: Швецияның бір қаласы толығымен көшірілмек (ВИДЕО)
Шартарап: Швецияның бір қаласы толығымен көшірілмек (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 2616 inform.kz 24.kz Gizmodo Evening Standard

Швеция билігі фантастикалық іс-әрекетке құрылған, нақтырақ айтқанда, елдің солтүстігінде орналасқан Кирун қаласының тұрғындарын құтқару бойынша аса өзекті жобаны іске асырмақ. Қала жыл сайын жер астына шөгіп жатыр. Кирунаның астында кен шығару шахталары орналасқан. Инженерлердің бағалауынша, егер шара қолданбаса, 2050 жылға қарай қала ғимараттарының көбі шахталарға  құлайды. Сондықтан, Швеция билігі 12 жыл бойы 20 мың адам тұрып жатқан Кирунаны шығысқа қарай 3 шақырым жерге көшірудің түрлі нұсқаларын қарастырып келеді. 2004 жылы қаланы көшіру бойынша үздік жобаның халықаралық байқауы өткізілді. Бұл ерекше тендерді швециялық «White Arkitekter» сәулет бюросының өкілдері жеңіп алды. Олардың «Kiruna 4 Ever» жобасы 2014 жылы басталды. Компания мамандарының божамдарына қарағанда, 20 жылдың ішінде Кирунаның барлық тұрғындары жаңа қалаға көшіріледі. Мамырдың ортасында оның қалай жүзеге асырылатыны туралы шағын деректі фильм жарыққа шықты.

Голливуд актері Брэд Питт тапталып қала жаздаған қызды құтқарды (ВИДЕО)

Испанияда Голливуд актері Брэд Питт бір топ жанкүйерлерінен кішкентай қызды құтқарып қалды. 52 жастағы әртіс «5 минуттық тыныштық» атты фильмінің түсірілімі үшін Гран-Канария аралына келген. Фильм сахналарының бірін Лас-Пальмас-де-Гран-Канария қаласында түсіру керек болған екен. Түсірілім алаңының қоршауында әртіс өнерінің табынушылары жиналып, кішкентай қыз аяқ астында таптала жаздаған. Бұны көрген Питт тез арада қауіптің бетін қайтарып, кішкентай қызды қоршаудан көтеріп алды.  

 

0 пікір
Мұрағат