Шариғаттан ауытқымайтындар да террористер қатарына жатқызылады
Шариғаттан ауытқымайтындар да террористер қатарына жатқызылады
7 жыл бұрын 3523 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі Синьцзян аймағына тағы өктемдігін көрсетті. Нақтырақ айтқанда, «террористік бағыттағы күдікті тұлғалар» турасында анонимді хабар бергендерге аса ірі сыйақы беретінін мәлімдеді. Мұның несі айып дерсіз? Біріншіден, анонимді болғандықтан, қазақша айтқанда, «домалақ арыз» иелерінің жалған ақпараты ескеріледі. Бұдан өз кезегінде террористерге еш қатысы жоқ жазықсыз тұрғындар зардап шегуі әбден мүмкін. Біреуге есесі кеткен немесе көреалмаушылықтан сыртынан саусағын шошайтып, «міне, мынаның тірлігі күмәнді» десе жетіп жатыр. Екіншіден, шариғаттан аттамайтын немесе сүннет бойынша әрекет ететіндер де күдікті тұлғалар қатарына жатқызылады. Өйткені, Қытай билігінің мәлімдемесінде айтылғандай, «қол беріп амандасудан қашқандар (мысалы, әйел ер адамға қол беріп амандаспаса – ред.), компартия қатарына өтуге кедергі жасағандар немесе компартия мүшелерімен, мемлекеттік қызметкерлермен аралсуға тыйым салғандар, қайтыс болған партия мүшесінің қабірінің басына бармағандар» туралы ақпарат бергендерге 435 доллар сыйақы беріледі. Айта кетейік, сыйақы мөлшері ақпараттың маңыздылығына қарай: 150 юаннан 500 000 юанға дейін (22 доллардан 72 мың долларға дейін) беріледі. Бұл жайында RFA ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат