Шариғатқа сай емес 500-ден аса мейрамхана жабылды
Шариғатқа сай емес 500-ден аса мейрамхана жабылды
5 жыл бұрын 2690 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран астанасында жүргізілген арнайы тексеру барысында, яғни, моралдық-өнегелік нормаларды бұзушылармен күрес операциясы кезінде Тегеран қаласының өзінде шариғат талаптары сақталмаған 500-ден аса мейрамхана мен дәмхана жабылды. Бұл жайында ирандықтардың Fars жаңалықтар қызметі хабар таратты. Сөз орайы келгенде айта кету керек, моралдық-өнегелік нормалардың сақталуын қадағалау Иран полициясының негізгі міндеттерінің бірі. Яғни, арнайы тексеру жүргізілген он күн ішінде 547 мейрамхана мен дәмхананың есігіне құлып салынды. Жабылған мейрамханалар мен дәмханалар қожайындарынан 11 адам тұтқындалды. Азғындыққа итермелейтін жарнаманы, рұқсат етілмеген ән-күйді пайдаланғаны үшін. Бұған қоса, әйелдерді шариғат шәлісінсіз мейрамханаға кіргізген немесе ер мен әйелдің бірге кеш өткізуіне мүмкіндік берген қожайындардың да қолына кісен салынған болатын.

0 пікір
Мұрағат