Шариғатқа қарсы шыққан компания тұтынушыларынан айырылды
Шариғатқа қарсы шыққан компания тұтынушыларынан айырылды
2 жыл бұрын 880

Австралиялық сүт өнімдерін өндіретін компанияның әлеуметтік желідегі шариғат талаптарына қатысты мәлімдемесі қоғамда дүрбелең тудырды: «Халал сертификаты – бізге арналмағаны анық. Соңғы уақытта бұл тақырыпта көп айтылып жүр. Бізге мүдделі тұтынушылардан көптеген сауалдар қойылды. Біздің жауабымыз – біз халал сертификатына ие емеспіз. Әрі бұл жолмен жүрмейміз де». Аталмыш компанияның осынау атышулы мәлімдемесі Maleny Dairies на Facebook желісінде жарияланған. Бұл жайында OnIslam ақпарат көзі хабар таратты. Алайда, тұтынушылар аталмыш компанияның өнімдерін сатып алудан бас тартатынын айтып, атышуулы мәлімдеге қатысты өз пікірлерін білдіріп жатыр. «Уақытпен санаса келе әрі мұндай мәлімдеме жасауға қандай да бір қажеттілік жоғын ескере отырып, сіздер осылайша нәсілшілдік исламофобиялық әрекетке жол беріп отырғандарыңызды айтқым келеді. Мен ендігі жерде Maleny Dairy өнімдерін сатып алудан бас тартамын әрі өзгелерге де осындай кеңес беремін»,- деп жазыпты Джереми Хор есімді азамат.

0 пікір