Шариғат шәлісіне қатысты шағын қойылым көрсетіледі
|
Чикаго қаласының актері әрі сценаришісі Рохина Мәлік Сент-Луис шаһарында «Шілтерсіз» немесе «Бетпердесіз» деп аталатын моно пьесаны жұртшылықтың назарына ұсынады. Мұндағы мақсат әйелдер үшін шариғат шәлісінің маңызы мен мәнін түсіндіруге саяды. Бір сағаттан аса уақытқа созылатын, дәлірегі, 70 минутқа созылатын қойылым үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 27-і күні Вашингтон университетінде өтеді. Қойылым кейіпкерлері – түрлі мәдениет пен әлеуметтік ортаның өкілдері болып табылатын шариғат шәлісін жамылған әйелдердің осы заманғы бейнесі таңдап алынды. Лондон тумасы, тегі үнділік әрі пәкістандық актердің айтуынша, мұсылмандар жайындағы жаңсақ ұғымдарға тойтарыс беру мақсатында осындай қадамға барған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды