Шаранаға мұсылман дініне қатысы бар есімдерді қоюға тыйым салынды
Шаранаға мұсылман дініне қатысы бар есімдерді қоюға тыйым салынды
7 жыл бұрын 5412 stan.kz

Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында жаңа туған сәбилерге қоюға болмайтын есімдердің тізімі жарияланды. 

Бұл туралы The Guardian хабарлайды.

Тізімді аудан басшылығы дайындап шыққан. Тыйымға іліккендердің ішінде – Ислам, Құран, Саддам, Мекке есімдері бар. Мұндай есімге ие болған сәбилерге мемлекеттік денсаулық сақтау және білім жүйесінде қызмет көрсетілмейді.

БАҚ мәліметінше Шыңжанда 23 миллион тұрғынның жартысынан астамы мұсылмандар. Өңір басшылығы діни экстремизммен қатаң күрес жүргізіп жатыр. Мәселен, онда әйелдердің никаб киіп, ерлердің өзгеше сақал қоюына рұқсат жоқ.

0 пікір
Мұрағат