Шала туылған нәрестелерге арнайы құрылғы ойлап тапты
Шала туылған нәрестелерге арнайы құрылғы ойлап тапты
9 жыл бұрын 3065

Жылына миллионнан аса шарана шала туғаннан шетінеп кетеді. Бұл қасірет көбіне білікті маман тапшы әрі қымбат тұратын медициналық құрылғыы сатып алуға шамасы келмейтін елдерде орын алып жатады. Мына суреттегі құрылғы шала туған шараналарға арналған. Бұл құрылғыны ұлыбританиялық Ламфора университетінің түлегі Джеймс Роберт ойлап тапты. Осы еңбегі үшін жыл сайын өтетін жас өнертапқыштардың James Dyson Award бәйгесінде жеңімпаз атанды. Оның мұндай қадамға баруына, яғни, осындай құрылғына ойлап табуына әскери босқындар лагеріндегі шала туған шараналар туралы деректі фильм әсер еткен екен. Қарапайым дегенімен бұл құрылғының бағасын екінің бірі көтере бермейді: шамамен 45000 доллар тұрады. Оның артықшылығы, жиналмалы және өзіңмен алып жүруге қолайлы. Оны оңай құрастырып әрі жинап алуға болады. Тек үрлесеңіз болғаны. Ол үшін электр желісіне қоссаңыз жетіп жатыр. Шала туған шарананы қажетті температурамен қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ, құрылғының ішіндегі ылғалдылықтың бір қалыпты сақталуын да қамтамасыз етеді. Фототерапиялық қызмет те көрсетеді. Электр сөнген жағдайда автокөліктің аккумуляторына қосылса, тәулік бойы, яғни, 24 сағат бойы жұмыс істей береді. 

0 пікір
Мұрағат