Секталықтар сенімінен бас тартты
|
Қарақалпақстан аудандарының бірінде ұзақ жылдар бойы "Церковь Иисуса Христа" деп аталатын сектаның құрамында болған жергілікті тұрғындар ислам дініне қайта оралып жатыр. Бұған өмірден озған секта мүшелерінің мұсылманша жаназасы шығарылмағаны себеп болған.
«Туыстарының өтінішіне қарамастан қайтыс болған секта мүшесінің сүйегін мұсылмандар жерленген мазарға қоюға рұқсат берілмеген. Имамдар да олардың жаназасын шығарудан бас тартқан»,- деп хабарлады жергілікті әкімшіліктен.
Жуырда «Церковь Иисуса Христа» сектасының құрамында болған екі адамның жаназасы шығарылмай жер қойнына тапсырылған екен. Осыны көрген жергілікті тұрғындар аталмыш секта құрамынан шығып, тәубаға келген көрінеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
■
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді