Сәулет: Әлемнің ең әдемі 7 вокзалы (фото)
Сәулет: Әлемнің ең әдемі 7 вокзалы (фото)
9 жыл бұрын 5473

Bigpicture.ru сайты назарларыңызға өнер туындысына айналған әлемнің 7 көркем вокзалын ұсынады.

1. Аточа вокзалы, Мадрид

Photo: Әлемнің ең әдемі 7 вокзалы (фото)

Аточа – Испанияның ең үлкен әрі көне вокзалдарының бірі. Вокзалдың алғашқы ғимараты 1851 жылы II Изабелла ханымның бұйрығымен салынды. 40 жыл өткеннен кейін вокзал өртке оранып, 1892 жылы толықтай жөндеу жұмыстарынан өтті.

Сол кезде вокзалдың архитекторы Париждегі танымал Эйфель мұнарасының авторы Густав Эйфель болды. 100 жыл өткеннен кейін 1992 жылы жаңа заманауи Аточа вокзалы көпшілікке ұсынылды. Вокзалға 24 темір жолдары қатынайды.

Photo: Әлемнің ең әдемі 7 вокзалы (фото)

Ғимараттың ерекше тұсы – 7000-нан астам өсімдіктер мен 550 жан-жануар түрлері бар ботаникалық бағы. Сонымен қатар, вокзалға кішігірім балықтар мен тасбақалар жүзетін көлшік те сән береді.

2. Льеж-Гийемен вокзалы, Льеж

Photo: Әлемнің ең әдемі 7 вокзалы (фото)

Бұл вокзалдың тарихы Еуропада алғаш темір жолдар пайда болғаннан жеті жыл өткеннен кейін, яғни 1842 жылдан бастау алады. 1958 жылы ғимарат жаңа стандарттарға сай етіліп қайта қаланды.

льеж520

Станция  2009 жылға дейін өз қалпын сақтап тұрды. Кейін Сантьяго Калатраваның жобасымен жаңартылып, от шашумен салтанатты түрде ашылды. Вокзалдың үсті үлкен 200 метрлік әйнек күмбезбен жабылған.

Photo: Әлемнің ең әдемі 7 вокзалы (фото)

Льеж-Гийемен — көлік магистральдары желісімен біріктірілген Еуропаның сирек вокзалдарының бірі. Вокзал Льежді Париж, Ахен, Кельн және Франкфуртпен байланыстырады. Құрылысқа 312 млн доллар қаржы кеткен.

3. Чхатрапати Шиваджи вокзалы, Мумбаи

Photo: Әлемнің ең әдемі 7 вокзалы (фото)

Үнділік вокзал Чхатрапати Шиваджи ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізімне енгізілген. Оның құрылысына 10 жыл кеткен. Вокзалдың жобасын Фредерик Стивенс жасап, бастапқыда ғимарат Виктория ханымның есіміне берілген болатын.

чхатрападжи600

1996 жылы вокзал атауы үнділік ұлттық каһарман Чхатрапати Шиваджидің есіміне аусытырылып, Виктория ханымның мүсініне демонтаж жүргізілді.

Стивенс жұмысы үшін бар-жоғы 1 600 000 рупий (шамамен 27 000 доллар) алған. Архитектор дәстүрлі викториандық кезең архитектурасын үнді-сарациндік стильмен араластырып берген.

4. Ля Гар вокзалы, Страсбург

Photo: Әлемнің ең әдемі 7 вокзалы (фото)

Француздық Страсбургтегі Ля Гар вокзалын үлкен әйнек күмбез жауып тұр. Алғаш рет страсбургтік вокзал 1854 жылы қаланды. 2006 жылы вокзалдың ескі нұсқасын толықтай қалпына келтіру шешімі қабылданды.

Photo: Әлемнің ең әдемі 7 вокзалы (фото)

Екі жыл бойы 300 шақты құрылысшылар 150 миллион евро тұратын 900 тонналық әйнек күмбезді орнатумен болды. Вокзал, сонымен қатар Франция бойынша ең үлкен компьютер жүйесімен жабдықталған. Оны іске қосу үшін станциядағы хабарламаны 30 сағатқа тоқтатуға тура келген. Вокзалда 350 орындық велотұрақ бар.

5. Канадзава вокзалы, Канадзава

Photo: Әлемнің ең әдемі 7 вокзалы (фото)

Жапониядағы Канадзава қаласында орналасқан бұл вокзал ең көне деп саналады. Алғашқы жолаушыларын ғимарат 1851 жылы қабылдады. Вокзалдың қазіргі кейпін 2005 жылы құрастырған.

Photo: Әлемнің ең әдемі 7 вокзалы (фото)

Жергілікті тұрғындар дәстүрлі дизайнды ығыстырған заманауи архитектураны ұнатпағанымен, туристер оны жоғары бағалады. Ғимаратта орын аздығынан платформалар бірінің үстіне бірі орналастырылған. Вокзалдың негізгі қақпасы ағаштан, ал шатыры әйнектен салынды. Ішінде кішігірім бақ пен субұрқақтар бар.

6. Самарлық вокзал, Самара

Photo: Әлемнің ең әдемі 7 вокзалы (фото)

Вокзал 120 жыл тарихы бар Куйбышев станциясының орнын ығыстырды. Бүгінде әйнектен жасалған ірі ғимараттың биіктігі – 100 метр, ал ауданы 32 000 шаршы метрді құрайды.

Photo: Әлемнің ең әдемі 7 вокзалы (фото)

Вокзалдың 12 темір жолы, 5 платформасы, 2 күту залы және субұрқақ орнатылған қыстық бағы бар. 95 метрлік биіктікте орналасқан сынақ алаңының арқасында вокзал Еуропа бойынша ең биік ғимараттардың біріне кірді.

7. Росиу вокзалы, Лиссабон

Photo: Әлемнің ең әдемі 7 вокзалы (фото)

Росиу вокзалын туристер мұражай немесе театрмен шатастырып жатады. Бұған XIX ғасырдан бері сақталып келген архитектурасы себеп. Росиу – күрделі жүйемен салынған өнер туындысы.

росиу600

Қала ортасынан өтетін темір жолдар көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі үшін 2600 метр туннель қазылды. Росиу 1957 жылға дейін басты вокзал саналып келгенімен, қазірде тек қала маңындағы бағыттарға қызмет етеді.

0 пікір
Мұрағат