Саудияның ауыл шаруашылығы (фото)
Саудияның ауыл шаруашылығы (фото)
4 жыл бұрын 6363 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Араб түбегінің 3,25 млн шаршы шақырымын алып жатқан Саудияның аумағы шағыл құм басқан шөл және шөлейттен тұратындықтан ауыл шаруашылығына жарамсыз. Алайда, осы заманғы технологияға, соның ішінде замануи ирригациялық технологияға арқа сүйеп, ауыл шаруашылығын өркендетіп келеді. Дәлірегі, Уәди ас-Сирхан жазығында орналасқан жасыл алқаптар бұл сөзімізге дәлел бола алады. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі мәлім етеді.

Диаметрі 1 шақырымға дейін жететін алқаптар қалай суарылады? Араб түбегінде су жоқ емес, бар. Алайда, 1 шақырым тереңдікте жатыр – екі млн жылдық тарихы бар мұздақтың қалдығы әлі 50 жыл ауыл шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді. Жер астынан тартылған су алқаптардың қақ ортасындағы бұрғыдан арнайы құбыр арқылы егістікті айналдыра суарып шығады. Құбыр электр энергиясынсыз қайнар көздің қысымымен қозғалады. Былайша айтқанда, шеңберлі ирригация! Оны америкалық Фрэнк Зибах ойлап тапқан. Оның бұл технологиясы құрғақшылық жайлаған аймақтарда кеңінен қолданылады.

Уәди ас-Сирхан жазығындағы шеңберлі алқаптарда жеміс-жидек, көкөніс, дәнді дақылдар өсіріледі. Жерасты су қоры жарты ғасырға жетеді.

0 пікір
Мұрағат