Саудия тұңғыш рет кредит алды
Саудия тұңғыш рет кредит алды
6 жыл бұрын 3225 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының тәуелсіз әл-ауқат қоры тұңғыш рет кредит алғанын жария етті. Саудиялық бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, аталмыш қор әлемдік банктерден әрі халықаралық қаржы мекемелерінен 11 млрд доллар кредит алған. Ресми нұсқасы бойынша несиеге алынған бұл қаражат тақ мұрагерінің пәрменімен мұнай шикізатына тәуелділіктен құтқару үшін жүргізіліп жатқан ел экономикасын әртараптандыру реформасын жүзеге асыруға жұмсалады. Ал ирандық бұқаралық ақпарат құралдары Саудия билігінің бұл қадамын Йемендегі соғыстың шығынын жабу үшін алуға мәжбүр болып отырғанын алға тартуда. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Саудия Йемендегі әскери операцияға күніне 200 млн доллар шығындап отыр. 

0 пікір
Мұрағат