Саудия билігі тұңғыш рет некелесу жасын белгілеп, заңмен бекітті
Саудия билігі тұңғыш рет некелесу жасын белгілеп, заңмен бекітті
4 жыл бұрын 2208 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудияда ұзақ уақытқа созылған қоғамдық талқы мен талас-тартыстан кейін 18 жасқа толмай тұрып некелесуге тыйым салатын заң жобасы қабылданды. Бұл жайында аталған араб елінің Saudi Gazette мерзімі басылымы желтоқсан айының 25-і күні хабар таратты. Кәмелет жасына толмай тұрып некелескісі келетіндер арнайы соттан рұқсат алуы тиіс. Заң талабына сәйкес. Саудияның әділет министрі Уәлид ас-Самаани бұл мәселені реттейтін тиісті құжаттарды ел аумағындағы барлық сот инстанцияларына жөнелткенін мәлімдеді. Айта кетейік, осы уақытқа дейін Саудия заңнамасы бойынша некелесу жасына қандай да бір шек қойылмаған болатын. Осы жылдың қаңтар айында ғана жасы 15-ке толмаған жасөспірімдерге некелесуге тыйым салынған еді.

0 пікір
Мұрағат