Саудия билігі "Таблиғи жамағаттан" төнер қауіпті атады (видео)
Саудия билігі "Таблиғи жамағаттан" төнер қауіпті атады (видео)
5 жыл бұрын 2838 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудияның ислам істері жөніндегі министрлігінің ресми өкілі Ахмет әл-Фифи "әл-Указ" мерзімді басылымының тілшісіне берген сұхбатында "Таблиғи жамағат" ұйымының ел қауіпсіздігіне төндірер қатерін аталған ел аумағында қызметіне заңмен тыйым салынған "Мұсылман бауырлар" ұйымының қаупінен кем көрмейтінін мәлімдеді. "Тәблиғшылар дінді насихаттауды желеу етіп, лаңкестік ұйымдарға адамдарды тартады",- деді ол мәлімдемесінде. Сондай-ақ, ол тәблиғшылардың ел заңнамасын мойындай бермейтінін жеткізді. "Осылайша олар үй ішінен үй тігіп алған",- деді сөзін толықтырып. Сөз орайы келгенде айта кету керек, тәблиғшыларға дінді таратуы үшін саудиялық ұйымдар қолұшын созып келген болатын. Заңмен тыйым салынғаннан кейін саудиялық ұйымдардың жәрдемі тоқтатылған болатын. Тағы бір естеріңізге сала кетсек, қазіргі уақытта әлемнің көптеген елінде қызметіне заңмен қатаң тыйым салынған "Таблиғи жамағат" ұйымының негізін Мәулан Мұхаммед Ілияс 1926 жылы Үндістанда қалаған болатын. Қалың бұқараны олардың әлеуметтік жағдайы мен мәртебесіне қарамастан дінге шақыруы үшін. Кезінде аты шыққан хадистанушы ғалым Насируддин әл-Албани тәблиғшылардың жеткілікті ілімі жоқ екенін мәлімдеп, олардан сақтанып жүруге үндеген болатын. 

 

0 пікір
Мұрағат