Саудия әскерінде тұңғыш рет әйелдер бөлімшесі ашылды
Саудия әскерінде тұңғыш рет әйелдер бөлімшесі ашылды
4 жыл бұрын 1430 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудия қарулы күштерінің құрамында тұңғыш рет тек әйелдерден тұратын бөлімше пайда болды. Бұл жайында Arab News мерзімді басылымы аталған араб елі қарулы күштерінің штаб жетекшісі,  генерал Файяд әр-Рууайлиге сілтеме жасай отырып хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзінің хабарына қарағанда, 2019 жылдың қараша айында Саудия билігі әйелдерге кіші капрал, капрал, сержант, жаяу құрлық әскерінің штаб сержанты ретінде, сондай-ақ, әскери-әуе күштерінде, әскери теңіз күштерінде, әуе қорғанысында, стратегиялық маңызды зымыран әскерінде қызмет етуге пәрмен берген.

0 пікір
Мұрағат