Саудия АҚШ-тың ессіз өтінішін орындауға кірісті
Саудия АҚШ-тың ессіз өтінішін орындауға кірісті
6 жыл бұрын 4293 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы мағлұматқа қарағанда, дәлірегі, The Wall Street Journal ақпарат көзінің саудиялық жоғары лауазымды тұлғаларына сілтеме жасай отырып, таратқан хабарына сенсек, Саудия тәулігіне 100 мың баррелге дейін мұнай өндіруді арттырған. Ақ үйдің өтінішін жерге тастамай. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше сағат бұрын "АҚШ-тың Иранға қарсы саясатына Саудияның қалай көмек көрсетеніні" туралы ақпарат таратқан едік. Онда АҚШ билігінің Саудиялық әріптестерінен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты 2015-шіжылғы мәміледен АҚШ-тың шығуына байланысты мұнай тапшылығына байланысты мұнай бағасының күрт көтеріліп кетпеуі үшін Саудияға мұнай бағасын тұрақты ұстап тұруға АҚШ-тың қолқа салғаны турасында айтқан едік. АҚШ-тың айтқанына көніп, айдағанына жүретін Саудия билиігінің бұл қадамы Иранды айтпағанда, әлем қауымдастығының наразылығын тудырып отыр. Әлбетте, Иран Саудияның аймақтағы бәсекелесі. Өзінің мүддесі үшін де осындай қадамға барып отырғанын айта кету керек. 

0 пікір
Мұрағат