Сауда соғысы қаржы соғысына ұласуы мүмкін бе
Сауда соғысы қаржы соғысына ұласуы мүмкін бе
6 жыл бұрын 2298 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ пен Қытай арасында жүріп жатқанына біраз уақыт болған сауда соғысы алдағы уақытта қаржы соғысына ұласуы мүмкін. Қытай билігі АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларын жаппай сататын болса. Бұл жайында CNBC телеарнасына сұхбат берген BlackRock әлемдегі аса ірі компанияның директорлар кеңесінің жетекшісі әрі атқарушы директоры Лоуренс Финк мәлімдеді. 2017 жылдың желтоқсан айындағы мәлімет бойынша Қытайда АҚШ-тың 6,28 трлн долларға бағаланған активтері бар. Бұрын да бір хабарлағанымыздай, Қытай билігі өзіне де қауіпті мұндай қадамға бара қоймайды. Алайда, сарапшылар бұл нұсқаны да жоққа шығарып отырған жоқ. Қытай мұндай қадамға ел экономикасы құлдыраған жағдайда баруы мүмкін. Бұдн бөлек, Қытайдың банк секторының көлеңкелі қарызының өзі 7 трлн долларға жеткен. Оның үстіне, Қытай оңтүстік-шығыс Азия елдерінің саудасына тәуелді екенін ескерсек, Қытай билігінің мұндай өзі үшін қатерлі қадамға бара қоюы екіталай. Барған күннің өзінде қытайдың ұлттық валютасы күрт құнсызданады. Бұдан ең алдымен қытайлар зардап шегеді. АҚШ қаржы министрлігінің мәліметінше Қытай АҚШ-тың мемлекеттік облигациясының ең көп бөлігіне ие ел. Бұл тарапта Қытайдың алдына түскен ел жоқ. 2018 жылдың шілде айындағы дерекке қарағанда, Қытайда 1,171 трлн долларға бағаланған АҚШ-тың мемлекеттік облигациясы бар. 

0 пікір
Мұрағат