Сауд Арабиясының билігі қажылық кезінде Эбола безгегенің таралмауына күш салып жатыр
Сауд Арабиясының билігі қажылық кезінде Эбола безгегенің таралмауына күш салып жатыр
2 жыл бұрын 726

Келесі айда, яғни, қазан айында қажылық парызын өтеу үшін қасиетті Мекке қаласына әлемнің түкпір-түкпірінен 3 000 000-дай мұсылман жиналады. Сауд Арабиясының билігі Африканың батысында Эбола безгегінің өршіп тұрғанын ескеріп, сақтық шараларын қолға алатын болды. Осы уақытқа дейін 2200-нен аса адамның түбіне жеткен дертті жұқтырғандардың қажылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмесі үшін Эбола безгегінің індет ошағына айналған Сьерра-Леоне, Либерия және Гвинея елдерінің қасиетті сапарға аттанғысы келетіндеріне виза берілмейтін болды. Алайда, Эбола безгегі аса тарала қоймаған Нигерия қажыларына виза берілетінін айта кету керек. Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мұхаммед әл-Хашимнің айтуынша, әуежайларда Эбола безгегінің белгілерін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы құрылғылар мен қондырғылар қойылатын болды. Қажылықтың барлық бағытында 22000-нан аса медицина қызметкерлері кезекшілік етеді.

0 пікір