Сауд Арабиясында тағы бір жарылыс болды
Сауд Арабиясында тағы бір жарылыс болды
2 жыл бұрын 730

Сауд Арабиясының шығысындағы Эд-Даммам қаласында осы аптадағы жұма намазы кезінде шииттер мешітінде жарылыс болып, төрт адам қаза тапты. Полиция дерегіне қарағанда, қауіпсіздік қызметкерлері мешітке жақындаған автокөлікті тексермек болғанда жарылыс орын алған. Нәтижесінде көлік жүргізушісі мен көліктің жанында тұрған адамдар ажал құшты. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптадағы жұма кезінде де Сауд Арабиясының әл-Қатып ауданындағы шиттер мешітінде жарылыс болып, 21 адамның қаза тапқаны жайында хабар таратқан едік. Бұл жарылысты ИСИМ содырлары ұйымдастырған болатын. 

0 пікір