Сауд Арабиясы Ирандағы елшісін кері шақырып алды
Сауд Арабиясы  Ирандағы елшісін кері шақырып алды
9 жыл бұрын 3864

Сауд Арабиясының билігі Ирандағы елшісін кері шақырып алды. Иранның солтүстік-шығысында орналасқан қонақ үйлердің бірінде саудиялық қажылардың балалары химиялық заттардан уланып өлгені үшін. Нактырақ айтқанда, Мешхед қаласындағы қонақ үйдің желдеткіш қондырғысы арқылы бөлмеге кірген химиялық заттан уланып өлді. Бұл жайында осы елдің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Усама Накли хабар таратты. Аталмыш қонақ үйде ұзын саны 33 саудиялық қажы болған. Олардың 17-нің жағдайы ауыр. Жергілікті полиция балалардың ажалына себеп болған 5 адамды ұстады. Хабарға қарағанда, балалар пестицид ретінде пайдаланылған заттан уланып өлген. Көз жұмған балалардың арасында 3 жастағы ұл бала мен 14 жастағы қыз бар.

1 пікір
  • Алла біледі кім істегенін. қастандық па әлде төтенше жағдай ма? Ең бастысы мұсылман мемлекеттерінің арасында жік болмаса екен. Қаза болғандардың иманы саламат болсын! Әмин!
    9 жыл бұрын
Мұрағат