Сауд Арабиясы хуситтерді Зәм-зәм суын улағаны үшін айыптады
Сауд Арабиясы хуситтерді Зәм-зәм суын улағаны үшін айыптады
2 жыл бұрын 1316

Сауд Арабиясының полициясы нұрлы Мекке шаһарының аумағында орналасқан қасиетті Зәм-зәм суы шығатын құдықтан құйылған шөлмектегі суды дүкен сөрелерінен алып тастауға пәрмен берді. Белгілі болғандай, 2 000 шөлмектегі су уланған болып шықты. Сауд Арабиясының билігі бұл қастықты Йеменде лаң салып жүрген шииттік Хусит тайпасының содырларынан көріп отыр. Сауд Арабиясы билігінің мәлімдемесінде айтылғандай, сертификат берілген дүкендерде саудаға шығарылған зәм-зәм суынан қауіптенудің жөні жоқ. Десе де, полиция уланған судың қанша шөлмегі нарыққа тап болғанын айта алмай отыр. Сондай-ақ, Ұлыбританияда сатылатын «Зәм-зәм» белгісі соғылған шөлмектердегі судың құрамынан тышқан уы шыққан.

0 пікір