Сатиралық журналға қарулы шабуыл жасалды
Сатиралық журналға қарулы шабуыл жасалды
2 жыл бұрын 758

Францияның Париж қаласында орналасқан Charlie Hebdo сатиралық журналының редакиясына қарулы шабуыл жасалды. Қазір нақты кімдердің және не үшін шабуылдағандары анықталмай отыр. Бірақ, оқиға орнына жедел жеткен Франция президенті Франсуа Олланд мұны терактіге балап отыр.

Charlie Hebdo сатиралық журналы әр сәрсенбі сайын шығып тұрады. Онда түрлі карикатуралар мен анекдоттар, репортаждар жарық көреді. Аталмыш журнал Ардақты Пайғамбарымызды (с.а.у.) келеке етіп, 2006 жылы бүкіл мұсылман жұртының шамына тиген болатын. 

Сонымен, оқиғадан кейін 12 адам қаза тауып, 10 жараланды. Ал, 5 адам жағдайы ауыр халде ауруханада жатыр. 

0 пікір