Сарапшылар халал туризмнің ең үздік бағыттарын атады
Сарапшылар халал туризмнің ең үздік бағыттарын атады
5 ай бұрын 956 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Mastercard және CrescentRating шариғат талаптарына толық жауап бере алатын туризм бағыттарын атады – кезекті Global Muslim Travel Index реитингісін түзді. Аталмыш реитингке әлемнің 130 елі енген. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, сарапшылар ең алдымен мұсылмандардың құлшылық ететін орындарын, шариғат талаптарына сай ас мәзірін ұсынатын мейрамханаларды, визалық кедергілер мен тосқауылдарды, климаттық өзгешелікті, сондай-ақ, тарихи әрі мәдени орындары мен демалатын инфрақұрылымын ескерген. Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше, яғни, мұсылман елдер арасында аталмыш рейтингте Малайзия мен Индонезия көш бастаған. Сондай-ақ, алғашқы бестік құрамында Түркия, Сауд Арабиясы, Бірікккен Араб Әмірлігі кірген. Ал алғашқы ондықтың ішінде Катар, Марокко, Бахрейн, Оман және Бруней бар. Енді Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше емес елдер қатарында халал туризмі тартымды мемлекеттерге келсек, бірінші орында Сингапур тұр. Одан кейінгі орынға Таиланд жайғасқан. Үшінші орыннан Ұлыбритания көрінген. Төртінші орынға Жапония табан тіреген. Тайван бесінші орынды місе тұтқан. Оңтүстік Корея, Гонконг, Франция, Испания және Филиппин аталған.

0 пікір
Мұрағат