Сақал жіберуге және шариғат шәлісін жамылуға лицензия беріліп жатыр
Сақал жіберуге және шариғат шәлісін жамылуға лицензия беріліп жатыр
2 жыл бұрын 831

Тәжікстанда ер-азаматтарға сақал жіберуге және әйел жұрағатына шариғат шәлісін жамылуға жалған құжат (лицензия) беріліп жатыр. Алаяқтар аталмыш лицензияны ашықауыздар мен аңқауларға 250 сомониге сатқан. Бұл жайында Тәжікстанның Дін істері жөніндегі комитет хабарлады. Бір қарағанда, құжат заңды жолмен рәсімделген секілді көрінеді: мемлекеттің елтаңбасы мен мөрі соғылған. Осыған қатысты аталмыш комитет өкілдері таратқан хабарламада: «Белгісіз біреулердің бұл ісі елдегі мемлекеттік билікке және исламды қаралауға бағытталған»,- деп айтылған. Сондай-ақ, Тәжікстанда мұндай құжат беретін құзыретті органның жоқтығын жеткізді.

1 пікір
  • Большевиктер келіп Орта Азиялық елдердегі, әсіресе өзбек, тәжік азамташаларына төлқұжат берер кезде "қызық" болған екен. Әйелдердің бәрі пәренжі (көз де көрінбейтін жамылғы десе болады, бет тұсы тор матамен қапталған) киетін кез. Фотоға түсіру қиынның қиыны болыпты. Өкімет амалсыз уақытша болса да күйеуінің фотокароточкасы жапсырылған төлқұжат алып жүріпті. Онда "Зухра Ахмаджон аканың хотуны" делінген...
    Содан көпке ұзамай-ақ пәренжіні отқа тастап "Өркениетті Кеңес әйелдері" деген ұранның жетегінде кете барды.
    Өзім пәренжі киген азамтшаларды 70-ші жылдары көріп "экзотикаға" тәнті болғанмын! Астағфиралла!
    2 жыл бұрын