С-400 зениттік зымыран кешені Түркияға жеткізілді (видео)
С-400 зениттік зымыран кешені Түркияға жеткізілді (видео)
5 ай бұрын 447 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

News-Front ақпарат көзі өзінің Youtube-дегі арнасында ресейлік ұшақпен Түркияға жеткізілген С-400 зениттік зымыран кешенінің видеосын жариялапты. Кеше, яғни, шілде айының 12-сі күні аталмыш қарудың алғашқы легі жеткізілген. Бұл ақпаратты Түркияның қорғаныс министрлігі растады. Естеріңізде болса, аталған әлемге әйгілі ресейлік қарудың Түркияға сатылуына қатысты әрі батыс елдерінің бұл мәмілеге қалай қарайтыны және Түркияның ұстанымы мен батыс елдерінің жауабы хаһында талай талдап жазған едік. Естеріңізге тағы бір мәрте сала кетсек, 2017 жылы жалпы сомасы 2,5 млрд долларға бағаланған аталған қаруға қатысты екі ел арасында мәмілеге қол қойылған болатын. Түркия билігі аталған қаруды өзінің қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында сатып алғанын мәлімдеген еді.  

0 пікір
Мұрағат