Рохиньялық мұсылмандарды су шайып кететін аралға қуып жатыр
Рохиньялық мұсылмандарды су шайып кететін аралға қуып жатыр
7 жыл бұрын 3212

Бангладеш билігі Мьянмадағы будда радикалдарының қысымы мен тепкісінен қашып, пана сұраған рохиньялық мұсылмандарды Бенгал шығанағындағы адам аяғы баспайтын Тхенгар Чхар аралына қуып жатыр. Бұл жайында "Reuters" ақпарат ресурсы хабар таратты. Аталған ел бұндай қадамға рохиньялық босқындардың қаптауынан елдегі қылмыстық ахуалдың нашарлауынан, инфекциялық жұқпалы аурулардың таралуынан, өзге де әлеуметтік және қаржылық мәселелердің ушығып кетуінен қауіптенгендіктен барып отырғандарын жеткізді. Осылайша, атамекенін қуылған рохиньялық мұсылмандар табан тірейтін ұлтарақтай жерге зар болып қалды. Өзге мұқтаждықтарын айтпағанда. Айта кетейік, аталған арал Мегхна өзенінің тартылуына байланысты осыдан 11 жыл бұрын пайда болған. Су деңгейі көтерілгенде су шайып кетеді. Тіпті, картада белгіленбеген арал. Қазіргі уақытта Бангладеш аумағында бір жарым миллион рохиньялық мұсылман өмір сүріп жатыр. Олардың 69 мыңы соңғы төрт айда Мьянмадан бас сауғалап келгендер. 

0 пікір
Мұрағат