Рохиньялық мұсылмандар теңізде суға кетуде
Рохиньялық мұсылмандар теңізде суға кетуде
9 жыл бұрын 2548

Үстіміздегі жылдың қазан айының 15-нен бастап бүгінгі күнге дейін будда радикалдарынан бас сауғалап, ашық теңізде суға кетіп қырылған немесе хабар-ошарсыз кеткен рохиньялық мұсылмандар турасында нақты мәлімет болмай тұр. Десе де, осы аралықта 12000-нан аса рохиньялық мұсылманның теңізге шыққаны, қараша айының бас кезінен бері олардың 460-ын Таиланд билігі тұтқындағаны, ал қалғандарының мүлдем хабар-ошарсыз кеткені турасындағы дерек әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарын кезіп кеткен еді. Олардың бәрі не суға кетіп қырылды немесе құл иеленушілердің құрығынан құтылмады деп топшылайды құқық қорғаушы Arakan Project ұйымының жетекшісі Крис Лева. Бұл жайында South China Morning Post ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат