Рим Папасының жауабы мұсылмандар тұрмақ католиктердің өзінің жағасын ұстатты
Рим Папасының жауабы мұсылмандар тұрмақ католиктердің өзінің жағасын ұстатты
7 жыл бұрын 5913 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Понтифик Франциска Рим қаласындағы ғибадат ғимараттарының бірінде өткен таңғы құлшылық кезінде сенім турасындағы сөзі мұсылмандарды былай қойғанда католиктердің өзін айран-асыр қалдырды. Ол әлдекімнің өзіне қойған сауалына жауап бере келe сөз орайында "діндар болғанша, атеист болғанның өзі артық" деп, салды. "Өзгелерді ұятқы қалдыратын христиандар бар. Ондайлар туралы талай рет естідік. Ондай католик болғанша, атеист болғаны абзал", деді. Бұл жайында CNN ақпарат көзі хабар таратты. Ол өзінің уағызында бұл ойын былай тарқатып түсіндірді: ана дүниеге өткен соң өзінің діндар болып, шіркеуге келгенін алға тартып, жұмақ қақпасын қаққанымен, екіжүзділігі, ұрлық қылғаны, ақша жымқырғаны, жұмысшыларға залал келтіргені және өзге күнәлары алдынан шығып, зиянға ұшырағанша, оның ешкімгі зияны тимеген, салауатты өмір салтын ұстаған атеист болғаны артық. 

0 пікір
Мұрағат