Ресейліктер шіркеуден гөрі кинотеатрлар мен кафелерге жиі баратын болып шықты
Ресейліктер шіркеуден гөрі кинотеатрлар мен кафелерге жиі баратын болып шықты
9 жыл бұрын 2836

Ресей статистикалық комитетінің мәліметінше, шіркеу бүгінгі таңда азаматтардың ең көп баратын жері болудан қалған. Есесіне, ресейліктер кинотеатрлар мен кафелерге жиі баратын болып шықты. Осыған қатысты сауалнама 15 жастан жоғары ел тұрғындарының арасында жүргізілген екен. 2011 жылы ресейліктер бос уақытында шіркеуге барғанды қолай көрсе, бүгінгі таңда, керісінше жағдай орын алып отыр. Бұрын шіркеуге баратындар саны 10,4 пайызды құраса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 8,5 пайыздан аспайды. Орташа есеппен алғанда, әрбір жиырмасыншы ресейлік азамат қана шіркеуге бас сұғады екен, олардың дені 55-59 жас аралығындағы қарттар - 11,3%, ал жетпістен асқандар арасында бұл көрсеткіш 25,4%-ды құрайды. Бұл жайында «Известия» басылымы хабар таратты. Ал кинотеатрлар мен қоғамдық тамақтандыру орындарына баратындар саны 2011 жылы 10 пайызды құраса, бүгінгі таңда аталған жас аралығы бойынша 10,9 және 11,5 пайызды құрайды.

0 пікір
Мұрағат