Ресейліктер ең жеккөретін күнә қандай
Ресейліктер ең жеккөретін күнә қандай
6 жыл бұрын 4095 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүкіл ресейлік қоғамдық пікірді зерделеу орталығы жуырда жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша ресейліктердің дені (64%) ерлі-зайыптылар арасындағы опасыздықты, яғни, көзге шөп салуды кешірмейтін болып шықты. Екі дүниеде азабы дайын зина жасауды ең жиіркенішті әрекет деп білетін ресейліктердің түсік жасатуға келгенде қатты қарсылық көрсете қоймағаны қынжылтады. Сауалнамаға қатысқандардың тек 26 пайызы ғана құрсақтағы шарананың жанын қиюды құп көрмейді екен. Бұдан нені аңғаруға болады? Ресейліктердің көзге шөп салуды күнә ретінде емес, отбасы шырқын бұзатын әлеуметтік дерт ретінде қарастыратынын, дәлірегі, бұл мәселеде қара басының қамын жоғары қоятын таза эгоистік әрі прагматикалық ұстанымын аңғаруға болады. Күнәні күнә деп білетіндіктен емес, яғни, күнәні жеккөргеннен емес, қалыптасып қалған өмір ырғағынан жаңылмауды мақсат етеді. 

0 пікір
Мұрағат