Ресейдің радарға ілікпейтін «құбыжық» ұшағы...
Ресейдің радарға ілікпейтін «құбыжық» ұшағы...
10 жыл бұрын 5272

1960 жылдардың ортасында Американың тыңшы жер серіктері кездейсоқ анықтағанға дейін Ресейдің бұл құпия қаруын ешкім білген емес.

Бұл жұмбақ қарудың сыры тек 20 ғасырдың соңында ғана ашылған.

Мұны Кеңес үкіметінің көшбасшысы болған Никита Хрушевтің жақын досы, аэродинамика маманы Ростислав Алексеев жасаған екен.

Теңіз бетінен 15-20 метр биіктікте ғана ұшатын ұшақ (экраноплан) өте жылдам әрі жанармайды аз жағатын әскери техника болған. Мұның ерекшелігі не ауада толықтай болмағандықтан, не теңіздің бетінде де жүзбегендіктен радарға ілікпейді екен.

Бұл және басқа да экранопландарды советтіктер әскерлерін (бір дегенде 400-500 кісіге дейін), қару-жарақтарын, азық-түліктерін, тонналап жүктерін тасу мақсатында қолданған.

Жартылай ұшақ, жартылай кеме болған бұл әскери техниканың бір кемшілігі теңізде дауылды не толқынды күні ұшуға қауіптілігі. 

0 пікір
Мұрағат