Ресейдің ізін ала Қытай да БҰҰ тыйым салған қаруды қолданатын болды
Ресейдің ізін ала Қытай да БҰҰ тыйым салған қаруды қолданатын болды
5 жыл бұрын 2606 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғылым академиясы жанындағы оптика және дәл механика Сиан институтының ғалымдары лазерлік ZKZM-500 қаруын таныстырды. Аталмыш қару түрін Біріккен Ұлттар Ұйымы биологиялық немесе химиялық қарулармен теңестіріп, оны жасауға және қолдануға тыйым салғанына қараған жоқ. Бұл қарудың сәулесі киімді тесіп өтіп, адамның терісі мен жасушасын күйдіріп, зақымдай алады. Егер киім тез тұтанатын матадан тігілсе, адам әп-сәтте отқа оранады. Бұл қарудың қауіптілігі осында. Бұл қарудың салмағы Калашников АК-47 автоматы секілді 3 келідей тартады. Қазіргі уақытта қытай билігі мен мамандары бұл қаруды жаппай құрастыруды көздеп отыр. Осылайша оны арнайы жасақтың пайдалануына беріп, террористерге қарсы қолданбақ. Яғни, аталған қарудың көмегімен террористі әбігерге салып, кепілдікке алған адамды босатуды мақсат етіп отыр. Әлбетте, бұл қаруды қолданған кезде дыбысы білінбейді, осы ерекшілігіне байланысты жау қапелімде не болғанын түсінбей қалады. Винтовканың қуаты: оның аккумуляторы (кәдімгі қайта қуатталған Li-ion) әрбір екі секунд сайын 1000 рет атуға молынан жетеді. Әсер ету, зақымдау қашықтығы – 800 м. Винтовка бұрын Сиан университеті құрастырған ZKZM лазерінің негізінде жасалған. Мұндай қарудың бір данасы шамамен 15 мың доллар тұрады. Әлбетте, мұндай қару өндірісіне қатаң бақылау орнатылады. Террористер мен басқа мақсаттағы қылмыскерлердің қолына түспесі үшін. Өзге елдерге сатылмайды. Бұл қарудың техникалық құжаты үкіметтік сайттарда жарияланған. Десе жалпы сипаттамасы ғана берілген. Оның қалай жұмыс істейтіні мен өзге де элементтері айтылмаған. Бұдан бөлек, қытайлар ви нтовкадан өзге лазерлі пулемет құрастыруда. Сөз орайы келгенде айта кету керек, қытай билігі 2015 жылы аталмыш қаруды құрастыруға шамамен 2 млрд йен (111 млн доллар) қаржы бөлді.

image

0 пікір
Мұрағат