Ресейде көп әйел алу заңдастырылмайтын болды
Ресейде көп әйел алу заңдастырылмайтын болды
9 жыл бұрын 3171

Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасындағы отбасы, әйелдер және балалар мәселелерімен айналысатын комитет жетекшісі Елена Мизулина: «Көп әйел алуды заңдастыру жоспарда жоқ, өйткені, бұл өзекті мәселе емес, ондай ұсыныс түскен жоқ», - деп мәлімдеді өткен аптада. Сондай-ақ, Федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко да көп әйел алуды қолдамайтынын білдіріп, дәстүрлі отбасы институтын сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Ал, Халықаралық ислам миссиясының жетекшісі, мүфти Шафиғ Пшихачев "Интерфакс-Религия" ақпарат көзі арқылы нақты шындықтан қашудың қажеті жоқтығын алға тартып, көп әйел алудың азаматтық неке түрінде болса да бар екеніне тоқталды.

0 пікір
Мұрағат