Ресейде боғауыз сөзге жол жоқ
Ресейде боғауыз сөзге жол жоқ
10 жыл бұрын 4043

Үстіміздегі жылдың шілде айының 1-і жұлдызынан бастап, Ресей Федерациясының бұқаралық ақпарат құралдарында (соның ішінде, теледидарда), әдебиетте, кинода, түрлі шараларда, қоғамдық орындарда, т.б.  боғауыз сөздерді қолдануға тыйым салынатын болды. Ережені сақтамаған жекелеген тұлға да, ресми тұлға да жауапқа тартылып, жазаланады. Осыған байланысты Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин тиісті заңға қол қойды. Ал боғауыз сөздер кездесетін кітаптар мен дискілер «Боғауыз сөздері бар» деген арнайы қаптамамен қапталып сатылады немесе таратылады.

Заңды белден басқан жекелеген тұлғалар 2 мыңнан 2,5 мың рублге дейін, ал ресми тұлғалар 40 мыңнан бастап, 50 мың рублге дейін айыппұл төлейді. Қайталанған жағдайда салынатын айыппұлдың да мөлшері арта түспек.

Боғауыз сөздер мен балағат сөздер кездесетін кино өнімдерін рұқсатсыз көрсеткендер 100 мыңға дейін айыппұл төлейді. Қайталанған жағдайда айыппұлдың мөлшері 200 мың рублге дейін көтеріледі.

0 пікір
Мұрағат